Әлеумет Мыңнан астам жас сарбаз әскери ант берді Редактор 20.06.2022 8405 1 оқу мин Қарулы күштердегі әскери бөлімдерде жас сарбаздар Отан алдында адал қызмет етуге ант берді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде ант беру рәсімі олардың құрылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Жалпы әскери дайындық курсынан және ант қабылдағаннан кейін жас буындар елдің әуе шептерін қорғауға қажетті әскери-есептік мамандықтарды игеруге кіріседі. Сондай-ақ, Ұлттық қорғаныс университетінің бірегей бөлімшелерінің бірі болып саналатын әскери-ғылыми взводының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері де Отанға адал болуға ант берді. Олардың негізгі міндеті – инженерлік-техникалық бейіндегі, ІТ-технологиялар мен киберқауіпсіздік бағыттары бойынша ғылыми жұмыс атқару. Әскери-ғылыми взводтың әскери қызметшілері өздерінің күнделікті қызметінде жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндерін игеруден басқа Қарулы күштердің игілігі үшін ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және сынақ жұмыстарын орындауға тартылатын болады. – Еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орны – Ұлттық қорғаныс университетіне қызмет етуге келгенімді мақтан тұтамын және Отан алдындағы конституциялық парызымды лайықты орындау үшін бар күш-жігерімді саламын. Бұл үшін менің әскерге барар алдында алған ғылыми-техникалық бағыттағы тәжірибем мен білімім бар, – деді қатардағы жауынгер Артем Егоров. Салтанатты іс-шараларға Қарулы күштердің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, сарбаздардың туған-туыстары қатысты. Ант қабылдағаннан кейін дәстүр бойынша бөлімше командирлері ата-аналарымен әңгімелесулер өткізді. Қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, оларды әскери бөлімдердің инфрақұрылымымен таныстырды, казармалар, асханалар мен оқу сыныптарын көрсетті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 32290 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 30517 «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 1 оқу мин Әлеумет «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 15.11.2024 47470