Әлеумет Полицей болғысы келетін жастарға арнайы «Ашық есік» күні өткізілді Редактор 21.06.2022 6829 1 оқу мин Бүгінде құқық қорғаушылардың қоғамда беделі артып келеді. Сондықтан да тәртіп сақшысы болуға құмбылдардың қатары арта түсуде. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция полковнигі Бауыржан Алдабергенов пен полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Төреқұлов «Азаматтарды қабылдау» бөлмесінде «Ашық есік» күнін өткізді. Жиынға 20-ға жуық мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орнының студенттері мен ата-аналары қатысты. Шараның мақсаты — Ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдау және оқуға түсуіне тиімді бағыт-бағдар беру. «Ашық есік» күні полиция қызметкерлері келгендерге полиция қызметінің қыр-сырын, қауіпті әрі жауапты мамандық екендігін айтты. Осы салада білім беретін жоғары оқу орнына түсу тәртіптерін түсіндірді. Қандай құжаттар тапсыру қажеттігін, қандай дайындықтан өту қажеттігін де тәптіштеп түсіндірді. Одан бөлек қиын да қауіпті салада қызмет атқарудың да оңай еместігін тілге тиек етті. Тәртіп сақшыларының бойынан табандылық, жауапкершілік, қайсарлық табылуы тиістігін де қоса айтты. Сонымен қатар ішкі істер органдарының қызметкері болғысы келетіндердің көкейтесті сауалдарына жауап беріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сондықтан, полицей болғысы келетін әрбір жас кез-келген жағдайға дайын болып, қиындықтарға төтеп беруі керектігі жеткізілді. Кездесу соңында ата-аналар мен жастар өздерінің сұрақтарына тұщымды жауап алғандықтарын айтып, алғыстарын білдірді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте 15 жастағы қыз саябақта ішімдік ішіп отырғанда ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 15 жастағы қыз саябақта ішімдік ішіп отырғанда ұсталды 22.05.2025 8980 Емтихансыз жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде берген… Әлеумет Емтихансыз жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде берген… 18.05.2025 21708 Жасанды интеллект: Алаяқтар қазақша “сөйлей” бастады 1 оқу мин Әлеумет Жасанды интеллект: Алаяқтар қазақша “сөйлей” бастады 18.05.2025 21648