Әлеумет Азық-түлік ұрлаған күдікті ұсталды Редактор 01.07.2022 11693 1 оқу мин Ұрлық түбі қорлық. Кішкене тас ұрласаң да оның өтеуі бар. Жаза деген. Алайда өзгенің мүлкін өзінікіндей көріп, жымқырып кететіндер түбі ұсталатынын біле тұра тура жолдан тайқып жатады. Оған кез-келген қылмысты ашуға сүбелі үлес қосып жатқан құқық қорғаушылардың еңбегі зор… Жуырда Түркістан облысына қарасты Келес ауданының тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрыны қолға түсірді. Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның азық-түлік дүкеніне сағат 19:30 шамасында белгісіз біреу кіріп, азық-түлік заттары мен кассада тұрған 20 000 теңге ақшасын жымқырып кеткен. Барлығын қоса есептегенде жәбірленушіге келген шығын көлемі 300 000 теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары хабарлама келіп түскен бойда оқиға орнына жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатындағы қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдіктінің бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын екені анықталды. Анықталғандай күдікті ер адам мас халде болған. Ол тас жол бойында орналасқан асхананың терезелерін бұзу арқылы дүкенге кірген. Сезікті бөтеннің мүлкін ұрлап, қажеттілік үшін бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстың басым бөлігі масаң күйде жасалатынын дәлелдеуді қажет етпейді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 6475 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 9968 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 6829