Бүгінде атасынан, әкесінен мұраға қалған қарулар ауылдық жерлерде бар екені жасырын емес. Суық қару болғандықтан балалардың, жасөспірімдердің қолына түсіп, қайғылы жағдайлар орын алмас үшін оны сақтау ережелері бойынша арнайы қағидалары бар екендігі тағы белгілі. Дегенмен атыс қаруларын полицияға тапсырған жөн. Осыған орай Түркістан облысы аумағында 21-30 маусым аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағында заңсыз айналымнан отты атыс қаруын тәркілеуге және қару иелерін оны сақтау ережелерін тексеру. Осы шара аясында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінде Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында 500-ге жуық қару тіркеуде тұр. Тәртіп сақшылары аталған акция кезінде қару иелерін тексерді. Құқық бұзушылықтар болмай тұрмайды әрине. Тұрғындардың басым бөлігі қару сақтау талаптарын білмейді, білсе де ескермейтіндері де жоқ емес. Тексеру кезінде 5 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Яғни 2 азаматқа қаруды сақтау мерзімі өткені үшін Қазақстан республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу не оны қайта есепке қою тәртібін бұзу», 3 азаматқа қаруды сақтау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу» баптары бойынша хаттама толтырылып, шара көрілді. Суық қаруды үйде сақтап ереже бұзғаннан көрі құқық қорғау органдарына тапсырған ең дұрыс жолы осы. Сонда заң бұзушылық та болмайды. Жауапкершілікке тарту да болмайды. Тәртіп сақшылары да тұрғындарға заңсыз қару сақтаудағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру керектігін түсіндірді. Яғни олар үшін әкімшілік не қылмыстық жауапкерлішікке тартылмайтындығын еске салады.