Әлеумет Киберқауіпсіздік шаралары жөнінде семинар сабақ өткізді Редактор 02.07.2022 9850 1 оқу мин Бүгінгі күні киберқауіпсіздік дүниежүзі елдері үшін аса өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын хакерлердің шабуылы да жиілей бастады. Жаңа технологияның соңғы жаңалықтарын барынша жетік меңгерген хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасай бастады. Бұл ретте Қазақстан да киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Киберқауіпсіздікті нығайту – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Өйткені құпия мәліметтер ағынын хакерлер өз пайдасына жаратып жіберуі әбден мүмкін. Сондықтан да барлық сала киберқауіпсіздікті күшейтуі қажет. Сала мамандары осы тақырып бойынша түрлі жиындар мен басқосулар өткізіп, барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Түркістан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Аширова бейнеконференция байланысы арқылы жергілікті соттарының қызметкерлерімен жоспарға сай киберқауіпсіздік шаралары жөнінде семинар сабағын өткізді. Аталған семинарға облыстық соттың бөлім басшылары, мамандары, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандары қатысты. Семинар барысында киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар және ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы К.Алимов “Киберқауіпсіздік қамтамасыз ету мәселелері” жөнінде баяндамасында аталған тақырыпты барынша талдап, сараптама жасады. Одан бөлек, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылардың туындаған сұрақтарына, К.Алимовпен IT мамандары нақты жауаптар берді. Кеңсе меңгерушісі Э.Аширова семинар соңында мемлекеттік қызметшілермен киберқауіпсіздік шараларын ұстануының жоғары маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күннің баты тақырыбын талқылаған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 12288 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 13926 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 16542