Әлеумет Қарбыз алмақ болып қаражатынан айырылды Редактор 02.07.2022 7233 1 оқу мин Жаз маусымы басталғалы қауын қарбыз сату маусымы да қызып тұр. Шөлбасар ретінде қарбыз саудасы жақсы жүруде. Осыған орай саудагерлердің де қолы жүріп тұр. Жуырда Мақтаарал ауданына қауын, қарбыз сатып алып, саудаламақ болған азамат біраз ақшасынан айырылып қалды. Қуанышқа орай тәжірибелі тәртіп сақшыларының арқасында ұры алысқа ұзамай ұсталды. Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, оның «Ауди 100» маркалы автокөлігінің ішінен 225 000 теңге ақшасын ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ұрлық-қарлық қылмысында аса тәжірибелі тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына келіп жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Ұры алыстан келмепті. Ақшаның бар екенін білген танысы болып шықты. Расында сұрастыру жұмыстарының барысында осы қылмысқа қатысы бар күдікті жәбірленушінің танысы Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай жәбірленуші мен күдікті ер адам қарбыз сатып алу үшін ауылдарды бірге аралаған. Осы сәтте сезікті арам ойын іске асырып, ақшаны ұрлаған. Полицейлер ер адамнан айғақты зат ретінде ақшаның бір бөлігін тәркіледі, қалғанын күдікті бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Қасында бірге жүрген танысқа да, досқа да сенім артпау қажеттігі осындайда белгілі болады-ақ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 17794 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25476 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 31135