«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толқтыру еңгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы №138 санды қаулысымен 24 маусым – «Судьялар мен сот қызметкерлерінің» кәсіби мереке күні болып бекітілді. Бүгінде, Түркістан облыстық сотымен сот жүйесінің 30 жылдығына, кәсіби «Судья мен сот қызметкерлері» мерекені сот өкілдері биыл алғаш рет атап өтуде. Іс-шара Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Конгресс холл көпсалалы кешені» МКҚК-нің үлкен залында өткізілді. Аталған салтанатты жиынға Түркістан облысының бірқатар мемлекеттік және құқық қорғау мекемелерінің бірінші басшылары, доғарыстағы ардагер судьялары, облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары, судьялары, соттар Әкімшісінің басшысы, бөлім басшылармен сот қызметкерлері, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары және сот қызметкерлері қатысты. Жиынды облыстық соттың төрағасы Т.Мыятбеков алғы сөзбен ашық деп жариялап, кәсіби мерекенің маңыздылығын атап өтіп, сот жүйесінің тарихына қысқаша шолу жасап, сөз кезектерін салтанатты іс-шараның қонақтарына ұсынды, іс-шара барысында облыс әкімінің м.а. А.Жетпісбаев, мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, Түркістан облысының прокуроры М.Алиханов, Түркістан облысының Ұлтық қауіпсіздік Департаментінің бастығы генерал-майор Ә.Дүйсебаев, Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры Ж.Темірбекова өз кезектерінде судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілікпен абырой тілеп, келіп жеткен мерекемен құттықтауларын жеткізді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 02-маусымындағы №906 Жарлығымен тағайындалған судьялар мен ашық конкурс негізінде қабылданған әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің Ант қабылдады. Сонымен қатар, концерттік қойылымдар өткізіліп, сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан судьялар мен сот қызметкерлеріне мемлекеттік наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.