Әлеумет Ішімдік алу үшін ыдыс аяқ ұрлаған ұры ұсталды Редактор 17.07.2022 8782 1 оқу мин Ұрлық қарлықты кәсіп қылғандар қолына түскенді жымқыра беретін болыпты. Қомақты қаржы түсіретіндей емес, ыдыс аяқ ұрлағанды көрген кім бар? Түркістан облысна қарасты Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның үйінде ешкім болмағандығын пайдаланып, белгісіз біреу ұрлыққа түскен. Ұры жәбірленушінің үйінен түрлі ыдыс-аяқтарды ұрлап кеткен. Тұрғынға келген шығын көлемі 60 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына бірден келді. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде күдікті ер адам жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, күдікті ер адам ішімдік алу мақсатында осындай қадамға барған. Ол жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын пайдаланып, өзімен бірге арнайы шеге суырғыш құрылғысын апарып, ағаш есікті бұзып кірген. Сезікті ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Полицейлер оның сатқан заттарын айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 2641 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39667 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37515