Әлеумет Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды Редактор 17.07.2022 11338 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы талдау барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы мекеме тұтынушы кәсіпкерлерден негізсіз жоғары тарифте төлем алып келгенін анықтады. Атап айтқанда, «Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 09.02.2018ж. №27/145-VI шешімінің 2 қосымшасының 2.1-тармағында заңды тұлғалар үшін тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге төлем 1 текше метрге 860,1 теңге мөлшерде бекітілген. Алайда «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС 2021 жылдан бері тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі үшін 844 заңды тұлғадан 1 текше метр тұрмыстық қатты қалдық үшін ай сайын 2497,38 теңгеден өтемақы алып отырған (негізсіз 1637,28 теңгеге артық). Прокурорлық қадағалау актісі негізінде артық төленген 6 млн. теңгеден астам қаражат кәсіпкерлердің пайдасына қайта есептелді. Кінәлі тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8610 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5983