Жуырда Сарыағаш АІІБ-не аудандық ауруханадан, 1985 жылы туылған ер жігіт пен 1986 жылы туылған қыз бала атыс қаруынан алған жарақатпен түскен. Полицейлердің анықтағаны, Жібек-Жолы ауылындағы көшелердің бірінде белгісіз тұлғалар мемлекеттік белгісі жоқ «Ауди» автокөлігімен 31 жастағы азаматтың артынан қуып келіп, оқ атқан. Нәтижесінде, атыс қаруынан жәбірленуші және үйінің терезесінің алдында кездейсоқ тұрған 30 жастағы азаматша қол тұсынан дене жарақаттарын алған. Содан соң белгісіз тұлғалар оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған жайт Сарыағаш АІІБ –ның Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 293-бабымен «Бұзақылық» қылмыстық іс қозғалды. Сарыағаш АІІБ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, Жамбыл облысының 1980 жылғы тұрғыны, алдын сотты болған азамат құрықталды. Күдікті қамауда. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысы мен себептерін анықтауда. Аталған қылмысқа қатысы бар күдіктілер іздестірілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Связанные истории
06.01.2025
5983
02.01.2025
18571