Әлеумет «Playstation» жалға алып, оны ломбардқа өткізіп жіберген жас жігіттер ұсталды Редактор 19.07.2022 10093 1 оқу мин «Playstation» ойынын бүгінде жасы да, жасамысы да ермек ететіні рас. Ойын залдарынан бөлек, жалға алатындардың да қатары аз емес. Жуырда Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, «Sony Playstation 5» ойын құралын белгісіз біреулер жалға алып, қайтармай қойған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 700 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Отырар ауданы мен Жаңақорған ауданының тұрғындары анықталып, ұсталды. Бір қызығы күдікті жас жігіттер «Sony Playstation 5» маркалы ойын құралын жалға алып, оны қаражат тапшылығына байланысты ломбардқа апарып өткізіп жаратып жіберген. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзгенің мүлкін өзінікіндей көріп, өткізіп жіберген жігіттер енді өмірлік сабақ алатын болды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 38993 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37052 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 35902