Әлеумет Заңсыз ойынхана ашқандар құрықталды Редактор 19.07.2022 6735 1 оқу мин Көлеңкелі бизнестің көрігін қыздырып жүргендердің қатары аз емес. Оларға өзгелердің қалтасы қағылып, өзінікі қалыңдағаны ғана маңызды. Құқық қорғаушылар облыста көлеңкелі бизнестің бір түріне айналған ойын бизнесін кәсіп еткендер, құмар ойынға салынғандар қатары көбейгенін айтып отыр. Бұл заңсыздықтың жолын кесумен полиция қызметкерлері қанша күресіп жатса да, адамдар көлеңкелі кәсіпке құныққандар бизнестерін тоқтатар емес. Осы тұрғыда Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда ауылдардың бірінде заңсыз ойынхана жұмыс жасап жатқанын айтқан. Әбден күйінген ауыл тұрғындары құқық қорғаушылардан көмек сұрағаннан басқа амалдары қалмаса керек. Хабар келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға тез арада жетті. Қаржыға құқыққандар ойынхананы барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықтап алыпты. Қомақты қаражат түсіретін істен ақшаны аямаса керек. Тіпті қойма дерсің. Тексеру барысында 2 дана үлкен монитор, 6 дана процессор, чек шығаратын аппарат тәркілеп алды. Полиция қызметкерлерінің жедел-әрекеті нәтижесінде ойынхананың иесі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Полицейлер дәл осындай заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тағы да бір жас жігітті ұстады. Мекенжайды тексеру кезінде одан да айғақты зат ретінде 3 дана үлкен монитор, 9 дана кіші монитор, 8 дана процессор, чек шығаратын аппарат және 1 дана интернет модем мен камера тюнер тәркілеп алынды. Сараптама тағайындалды. Аталған 2 жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әрине заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар заң алдында жауап беретіндігі белгілі. Мұндай ойын орталықтары қоғам үшін қауіпті екендігі де рас. Құмар ойынға беріліп кеткендер өз өздерін тоқтата алмай ақыр аяғында ұрлыққа, түрлі қылмысқа бой алдырып жатады. Сондықтан да тәртіп сақшылары заңсыз ойын бизнесін тоқтатуға барынша күш салуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 12494 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 14159 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 16737