Әлеумет Жазасын өтеп жүрген шымкенттік ер адам ірі көлемді есірткімен ұсталды Редактор 19.07.2022 6100 1 оқу мин Есірткіге есі кеткендер жазаға тартылса да теріс жолдан шығуы қиынға соғатындай. Оған дәлел көп. Дәл осы қылмыс түрімен қолға түсіп, жаза арқалағандар «ескі сүрлеуден» айнымайтыны өкінішті. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Сайрам АПБ-ның полицейлері бірлесіп, аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған күдікті ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, полицияға тұрғынның бірі өзімен есірткі алып жүр деген ақпарат келіп түсті. Осы бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде Сайрам ауданының Ақсукент ауылында күдікті мінген «Тойота Камри» маркалы көлік тоқтатылды. Тәртіп сақшылары автокөліктегі күдікке ілінген жолаушыны тінту кезінде, одан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік тектес затты тапты. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 1,2 келіден асатын «марихуана» есірткісі болып шықты. Сонымен қатар күдіктінің шартты түрде жазасын өтеп жүргені және осыған қарамастан қайта заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыс жасағаны белгілі болды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкенттік ер адам қамауға алынды. Бүгінде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 7055 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 10567 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 7020