Әлеумет Егістік алқабынан сіріңке қорабын тауып алған… Редактор 19.07.2022 12513 1 оқу мин Түркістан облысының полицейлері заңсыз есірткі өсірудің, баптау мен тасымалдаудың соңы — қатаң жазаға алып келетінін ескертеді. Алайда оны құлаққа ілетіндердің қатары аз болып тұр. Дегенмен тәртіп сақшылары есірткі қылмысымен күресуді тоқтаусыз жалғастырып келеді. Осы тұрғыда Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық шарасын өткізуде. Осы шара барысында есірткі еккен тұрғынды анықтады. Яғни ер адамның ауласын тінтіген полицейлер ауладан есірткі затына ұқсас 3 түп өсімдікті тапты. Полицейлер өсімдікті айғақты зат ретінде тәркілеп, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы оның «сора» есірткісі екендігін растады. Тәртіп сақшылары күдікті ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Анықталғандай, ер адам ауданға қарасты егістік алқаптың шетінен сіріңке қорабын тауып алған. Оның ішіндегі заттың есірткі затына ұқсас екендігін біліп, өсіру үшін арнайы үйіне алып келген. Яғни күдікті ер адам оны өзі пайдалану мақсатында ауласына еккен. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8610 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5983