Әлеумет Шетелден киім әкеліп сатамыз деп алаяқтық жасаған күдікті қолға түсті Редактор 19.07.2022 8766 1 оқу мин Сауда нарығында бүгінде шетелдерден зат әкеліп беретін компаниялар көптеп қызмет көрсетуде. Дегенмен олардың алдын орап кететін алаяқтардың да қарасы азаяр емес. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Келес ауданының тұрғыны арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы «Өзбекстан Республикасынан арзан бағада киім алып, Алматы қаласының тұрғындарына сатамыз» — деп, әбден сеніміне кірген. Сауданың көрігін қыздырып, байлыққа батып қаламыз деп әбден қиялына ерік берсе керек. Оған сеніп қалған жәбірленуші алдын-ала тауарға деп 500 000 теңге ақшасын қолма қол санап берген. Содан тауар да жоқ, сенген адамы тағы жоқ. Ақыр соңында құқық қорғаушылардан көмек сұраудан басқа амалы қалмаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшыларының тиянақты әрі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Сарыағаш ауданының тұрғыны, бұрын сотты болған ер адам ұсталды. Тексеру кезінде анықталғандай, сезікті ер адам бұған дейін жасаған әрекеттерінен сабақ алмай, алаяқтық қылмысын тағы жасаған. «Аузы күйген үрлеп ішедіні» үйренбесе керек. Ол жәбірленушіден алған ақшаны жаратып жіберген. Бүгінгі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 3322 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 4421 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 4483