Әлеумет Шекарадан «марихуана» алып өтпек болған өзбекстандықты «Марика» атты ит ұстап берді Редактор 21.07.2022 11201 1 оқу мин Кеден бекеттерінде шекарашы иттердің көрсетер көмегі өте көп. Бүгін Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жібек жолы» шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Азаматтың Күдіктінің шекара бекетінен қалайша оп оңай тиым салынған затты алып өтем дегені қызық болып тұр. Өзбекстандық тұрғын өзінің «Daewoo Nexia» маркалы жеке автокөлігімен шекарадан өтіп бара жатқан уақытта «Марика» атты иттің белгі беруі арқылы тоқтатылды. Күдік тудырған көлік жіті тексерілді. Жасырылған зат оп оңай табылды. Автокөлік қозғалтқышының астында қоңыр түсті пакетке салынған есірткі затына ұқсас зат тәркіленді. Полиция қызметкерлері табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы шетелдіктен алынған заттың «марихуана» есірткісі екенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шекара бекетінде күні түні қырағы күзетте жүрген «Мариканың» бұдан өзге де қылмыстарды ашуға көрсеткен көмегі көп. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 18093 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25731 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 31441