Әлеумет Прокуратура шаруалардың мәселесін шешіп берді Редактор 21.07.2022 9858 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы тұрғындарының басым бөлігі яғни, 85 пайызы егін шаруашылығымен айналысады. Ауданда жалпы саны 8071 шаруа қожалықтары бар. Олар 60 мың гектарға жуық егістік алқапқа егін егумен айналысады. Қазіргі таңда минералды тыңайтқыш өнімдерінің жетіспеуі және оның бағасының шарықтап кетуі аудан шаруаларының басты проблемасына айналып отыр. Мәселенің өзектілігін ескеріп, аудан прокуратурасымен «КазАзот»АҚ-мен тікелей байланыс орнатылып, біргелікті мәселені түпкілікті шешу мақсатында Мақтаарал, Жетісай аудандарының жергілікті атқарушы органдарының, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығының, бұқаралық ақпарат құралдарының және шаруалардың қатысуында кеңейтілген мекемеаралық мәжіліс өткізілді. Мәжіліс нәтижесімен «КазАзот» АҚ-мы және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығы Мақтаарал және Жетісай аудандарына беріліп жатқан тыңайтқыш көлемін арттырып туындаған мәселе 20 күн ішінде түпкілікті шешілетіндігі туралы келісімге келді. Сонымен қатар, мәжіліске жиналған шаруалар арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келген «КазАзот»АҚ бас директорының орынбасары Нагуманова Тахмина Утагалиевнаға және зауыт басшылығына өз ризашылықтарын білдірді. Осылайша аудан прокуратурасының тікелей араласуынан бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің түйініне нүкте қойылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 36750 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 34991 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 34086