Әлеумет Туысының ірі қара малдарын ұрлап, сатып жіберген жас жігіт ұсталды Редактор 23.07.2022 3830 1 оқу мин Бүгінде мал ұрлығы өршіп тұрғаны жасырын емес. Тәртіп сақшылары аталған ұрлық түріне қатысты «майдан» ашып, қарқынды түрде жұмыс істеп жатқанынан қарамастан тұрғындардың бейғамдығын ұрылар сәтті пайдалануда. Түркістан облысына қарасты Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын егістік алқапта арқандаулы тұрған 2 бас өгізін белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтып, арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 350 000 теңгені құраған.. Мал ұрлығына қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Жайылымға жақын маңдағы ауылдар мен егістік алқаптарды түгел сүзіп шықты. Барымташылардың басты көздейтіні мал базары болғандықтан сол базарлар мен оларға баратын жолдардағы көліктер Індете іздестірудің арқасында ұрланған малдар табылды. Мал егесі болса, үй жануарларын жас жақында ғана жас жігіттен сатып алғанын жеткізді. Алынған ақпарат көздері арқылы мал ұрлығын жасады деген күдікпен жас жігіт ұсталды. «Ұры алыстан келмейді» дегендей, сезікті мал иесінің туысы болып шықты. Жергілікті жердің жағдайын, туысының малы қайда болатынын жақсы білетін жас жігіт, таңғы сағат 05:30 шамасында арқандаулы тұрған малдарды жетектеп кеткен. Содан бірден мал базарға апарып, сатып жіберген. Ол өзінің бұл әрекетін ақшаға қатты қажеттіліктен барғандығын айтып отыр. Бүгінде 2 бас өгіз айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 30904 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 28627 «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 1 оқу мин Әлеумет «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 15.11.2024 45679