Әлеумет Сайрамдық сақшылар үш күнде жол ережесін бұзған 66 көлікті анықтады Редактор 23.07.2022 6944 1 оқу мин Жол қателіктерді кешірмейді. Ол үшін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, жолаушылар ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбай және қарсы қозғалыс жолағына шықпай барлық талаптарды сақтауы тиіс. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі әбден мүмкін. Сондықтан да жолда барынша мұқият болған абзал. Бұл өз кезегінде бірінші өз өміріңізді, екеншіден өзгелердің қауіпсіздігін сақтап қалуы мүмкін. Бүгінде Түркістан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Аталмыш шара барысында түрлі ереже бұзғандар қатары аз емес. Сайрам аудандық Полиция басқармасының полицейлері аталмыш іс-шараның үш тәулігінде 245 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша 21 жайт, 606-бабы «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» 2 жайт, 600-бап «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу» бойынша 2 жайт, 591-баппен « Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» 9 құқық бұзушылық тіркеп, оларға қатысты хаттама толтырды. Жедел-профилактикалық шараның 3 күнінде жол ережесін бұзған 66 көлік анықталды. Ресей Федерациясының 1 автокөлігі айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар аудан бойынша жыл басынан бері 1000-нан астам Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерге қатысты түрлі баптармен жауапкершіліктері қаралған. Оның ішінде 200-ден астамы айыптұраққа қойылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 3600 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 4738 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 4882