Әлеумет Жасөсіпірімдерге алкогольдік өнім сатқан тұлға айыппұл арқалады Редактор 24.07.2022 4996 1 оқу мин Сайрам ауданында үш күн ішінде түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілінсіз жүрген 32 жасөспірім анықталды. Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шараның мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау. 3 күндік іс-шараға барлығы 15 тәртіп сақшысымен бірге балалардың құқықтарын қорғау органдарының, денсаулық сақтау органдарының, жастар және балалар ұйымдарының, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері мен БАҚ тартылды. Іс-шара барысында 37 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Оларды тарқатар болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-тармағымен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) 32 хаттама, 442-бабының 1-тармағымен 2 хаттама, 127-бабымен (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) 1 хаттама, 132-бабының 1-тармағымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) және 200-бабымен (Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) 1 хаттамадан. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шетелдік көлікті заңдастырып беремін»: Түркістанда полиция алаяқтыққа күдіктіні ұстады 1 оқу мин Әлеумет Шетелдік көлікті заңдастырып беремін»: Түркістанда полиция алаяқтыққа күдіктіні ұстады 22.04.2025 2422 «IQ-ALA jastary» қоғамдық тыңдалымы өтті! 1 оқу мин Әлеумет «IQ-ALA jastary» қоғамдық тыңдалымы өтті! 22.04.2025 2615 Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 1 оқу мин Әлеумет Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 19.04.2025 16796