Әлеумет Полицейлер 77 жастағы қарияға жеке куәлік табыстады Редактор 24.07.2022 8420 1 оқу мин Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, ҚР-ның азаматы болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізілуде. Шара барысында Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының 77 жастағы тұрғыны осы уақытқа жеке басын анықтайтын төлқұжат алмаған. Осы орайда Қазығұрт АПБ-нің Көші-қон қызметі тобының қызметкерлері жедел түрде дайындап, егде жастағы азаматтың жаңа төлқұжатын табыстады. Тәртіп сақшыларының атқарған қызметтеріне көңілі толған Жақсылық Айтымбаев: «Мен, Қазығұрт ауданында дүниеге келгенмін. Осы уақытқа дейін отбасылық жағдайыма байланысты төлқұжат ала алмадым. Қазіргі таңда қазығұрттық көші-қон қызметі тобының полиция қызметкерлері маған көмек берді. Жеке куәлігімді алуыма себепкер болды. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге, көп рақмет!» -деді. Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы полицейлері қашанда халыққа жәрдемші, қорғаушы болу мақсатында қызмет атқарып келеді. Елдің тыныштығын күзетумен қатар, әрқашан көмек беруге дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 3671 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 4827 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 4961