Әлеумет Жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық өзгерістерді түсіндіру бойынша жиын өтті Редактор 24.07.2022 11440 1 оқу мин Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орынбасары полиция генерал-майоры М.Баймұқашевтың талап хатын орындау мақсатында Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерімен кездесу өтті. Арнайы жиынға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық өзгерістерден хабардар етті. Сонымен қатар, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарына тоқтала отырып, стратегиялық құжат зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өтті. Аталған құжаттағы жаңашылықтардың бірі негізсіз баю және шығыстардың кірістерден асып кетуі үшін жауапкершілікті енгізу болып табылады. Сондай-ақ жемқорлықты азайту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа төзбеуге, тұрақтылыққа тексеру (integrity check) жүргізуді жоспарлап отырғандығы, бұл адал емес қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға мүмкіндік беретіндігінен қатысушыларды хабардар етті. Жиын соңында ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8610 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5983