Әлеумет Бөлімшелердің жауынгерлік атыстары өтуде Редактор 24.07.2022 10520 1 оқу мин Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу полигондарында қарқынды жауынгерлік дайындық өтуде. Бөлімшелердің, экипаждардың және есептоптардың үйлесу процесі аяқталғаннан кейін бөлімшелер штаттық қару-жарақтан практикалық жауынгерлік атысқа кірісті. 2022 жылдың көктемінде шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бөлімшелерге келгеннен кейін бір ай ішінде мамандық бойынша даярлықтан өтіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы зерделеді. Содан кейін бөлімшелердің жауынгерлік атыстары жүргізілетін даярлықтың келесі кезеңіне өтті. – Біз кез келген ұрыс жағдайына бейімделуіміз керек. Жауынгерлік және кәсіби дағдыларды игерумен қатар, оқ ату да бізді жауапкершілікке тәрбиелейді және моральды тұрғыда шыңдайды, – деп атап өтті 61993 әскери бөлімінің пулеметшісі Елдос Қойшыбаев. Қызметтің алғашқы кезеңінде батальондардың қорғаныстағы, шабуылдағы, марштағы, бөлімшелердің елді мекендерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу сияқты негізгі тақырыптар бойынша жауынгерлік атыстары пысықталды. Басты мақсат – жеке құрамның күндіз және түнде жауынгерлік ахуалдың күрделі жағдайларында жеке және топтық қаруды қолдану білігін тексеру, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы белсенді және үйлесімді іс-қимылдар жүргізу. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 18552 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25975 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 31834