Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «TARTYL FEST» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ Редактор 26.07.2022 10713 1 оқу мин Түркістандағы амфитеатрда «Tartyl fest» фестивалі өтті. Сайыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев пен жоба амбассадоры, жаттықтырушы Айтым Жақыпов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Dara» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен дүбірлі сынға 270-ке жуық адам қатысты. Олардың арасында 3 егіз спортшы да болды. Жарысты ұйымдастыруға Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» айрықша үлес қосты. Жалпы түркістандықтар арасында турникке ең көп тартылу көрсеткіші 36 болды. Бұл көрсеткішке 18-30 жас аралығындағы үміткерлер сайысында бақ сынаған Қасымбек Нұржігіт қол жеткізді. 18 жасқа дейінгілер арасында Құдірет Әзретәлі, Шахизинда Берік және Рахматулла Мұстафа топ жеңімпаз болды. Оларға 200 мың теңге ақшалай сыйлық тапсырылды. 18-30 жас аралығындағы сайыста Зулқайнаров Жұмадулла, Қасымбек Нұржігіт және Әділов Досболат жеңімпаз атанды. Ал 30 жастан үлкендер арасындағы сында Орынтай Нұрболат, Жанғали Әлжанов және Ерболат Бимурзаевтың мерейі үстем болды. Сонымен бірге екінші және үшінші орын алған жалпы 18 спортшы марапатталды. Бірқатар қатысушыға арнайы марапаттар ұсынылды. Мүмкіндігі шектеусіз жан Данияр Мажитов пен сайыстың ең жасы үлкен үміткері Дадажан Сүлейменовке және ең жас қатысушы Надия Садықоваға арнайы сыйлықтар берілді. «Алаш прайдтың» Түркістан облыстық филиалының президенті Мұрат Аханов та өз атынан екі үміткерге құрмет көрсетті. Жүлдегерлерді «Dara» дарындыларды қолдау қорының жетекшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған азаматтар марапаттады. Жалпы сайыста Түркістан өңірінің білекті, жүректі өрендері турникке 4575 рет тартылды. Алты жастағы баладан бастап 70 жастан асқан үміткерлер қатысқан дода 4 сағатқа созылды. Сайыстың 9 жеңімпазы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама алды. Ал ол сында жеңіске жетсе, Street Workout жаттығулары бойынша әлем чемпионатына қатысады. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық бәсеке танымал әнші Мирас Жүгінісовтің концертімен түйінделді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 38993 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37052 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 35902