Әлеумет Ұрланған малды қасапшыларға өткізген… Редактор 27.07.2022 9178 1 оқу мин Тәртіп сақшылары тұрғындарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізсе де құлаққа ілетіндер аз. Салдарынан төрт түлігінен айырылып, арыз жазып полицейлерге келеді. Қырағы болуы әрине ең алдымен мал егесіне қажет. Түркістан облысының Қазығұрт АПБ-ға бірнеше жәбірленушілер арыз айта келіпті. Олардың айтуынша белгісіз біреулер олардың қора-жайларынан, жайылымдардан 10 бас ірі-қара малы мен 5 бас жылқысын қолды еткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеліп, полицейлер шұғыл іздестіру іс-шараларына кірісті. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 10 миллионға жуық теңгені құрады. Орын алған қылмыстың ауырлығын ескерген Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Арнайы топ мал ұрлаушыларды ұстау мен қылмысты ашуға бағыт алды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, көрген адамдар мен ауылдықтардан сұрастырды. Мал тасымалдайтын автокөлік және үй малдарын сатып алатын орындарды мұқият тексеріп шықты. Нәтижесінде жедел уәкілдер екі ер азаматтың ізіне түсті. Оларды жергілікті мекенжайынан ұстады. Белгілі болғандай, күдікті екеу өрістен қайтып келе жатқан, жайылымда жүрген малдарды ұрлап, өз арам ойларын жүзеге асырған. Бөтеннің малын жасырып отырған. Содан үй жануарларын ет соятын қасаптарға сатып жіберген. Қазіргі таңда күдікті 2-еу қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 38993 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37052 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 35902