Әлеумет Кәсіпкерлерге қатысты 103 млн. теңгеге салынған әкімшілік айыппұлдар қысқартылды Редактор 28.07.2022 12178 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы әкімшілік заңнаманың қолданылуын талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтарын шектеу фактілерін анықтады. Түркістан облысының полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабына қайшы әкімшілік айыппұлдарды (арнайы техникалық бақылау-өлшеу және аспаптармен тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша) төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды белгіленген мерзімде мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларға жолдамай, ал орындау мерзімі ескіруіне қарамастан, қысқартпастан негізсіз өндірісте болған. Бұл, өз кезегінде, көліктерді мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі тудырған (өндірістегі әкімшілік айыппұлдар салдарынан мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартылады). Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 4848 кәсіпкерге қатысты 103 млн. теңгеге салынған әкімшілік айыппұлдар қысқартылып, құқықтары қорғалды. Кінәлі тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8610 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5983