Түркістан облыстық сотында отбасылық санаттағы азаматтық іс қаралды. Түркістан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен талап қоюшы «Г» есімді азаматшаның жауапкер «Е» есімді күйеуіне кәмелет жасқа толмаған төрт балаларының тұрғылықты мекен-жайын анасымен бірге белгілеу туралы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған. Аталған шешіммен арызданушы «Г» келіспей апелляциялық шағым келтірген. Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөнідегі сот алқасында тараптардың келісімімен, олардың араларында татуластыру рәсімдері жүргізіліп, нәтижесінде тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны сотқа ұсынды. Келісімнің шарты бойынша тараптар ортақ балалардың тұрғылықты мекен-жайын әкесімен белгілеп, ол, балалардың анасымен араласуына кедергі келтірмеуге, демалыс күндері сауықтыру кешендеріне немесе үйіне алып кетуге келісті. Сонымен қатар, келісімнің шарты бойынша балалар көктемгі, күзгі мезгілдердегі демалыс күндерінде 3 күн, ал жазғы демалыстың маусым, шілде, тамыз айларында 10 күнге анасымен араласуы белгіленді. Өз еркімен орындалмаған медиациялық келісімнің шарттары мәжбүрлі тәртіппен орындалатын болады. Мемлекет пайдасына төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды