Әлеумет Дүкеннен ұялы телефон ұрлаған бойжеткен ұсталды Редактор 29.07.2022 8748 1 оқу мин Бүгінде көшеде, сауда орындарында тіпті барлық жерге бейнебақылау камералары орнатылғаны белгілі. Соған қарамастан ұрлық жасайтындар қатары азаймай тұр. Камераның көмегімен суыққолдылардың басым бөлігі қолға түсіп те жатыр. Жуырда Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның жұмыс жасайтын сауда орталығында тұрған «OPPO A53» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 130 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, ол дүкенге тұтынушы болып кіріп, өзіне қажетті заттарды алмақшы болған. Осы сәтте дүкен ішінде тұрған ұялы телефонға көзі түскен бойжеткен оңай олжалы болуды көздеген. Күдіктіден айғақты зат ретінде бөтеннің мүлкі алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 6384 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 9882 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 6725