Түркістан облысының кәмелетке толмғандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Б. Сауран «Әкімшілік істердің біркелкі практикасын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Түркістан қаласының Полиция Департаменті, Сарағаш, Сауран, Сайрам, Арыс, Мақтаарал, Шардара, Кентау, Төлеби, Түлкібас, Бәйдібек, Созақ, Ордабасы, Қазығұрт, Жетісай аудандық полиция бөлім басшылары мен сот қызметкерлері қатысты. Жиын барысында сот төрағасы Б. Сауран Әкімшілік істердің біркелкі практикасын қалыптастыру барысында туындайтын проблемалық сұрақтары мен мақсаттарына тоқталып, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Шара барысында сот кеңсесінің бас маманы Н. Жалаеваның баяндамасы тыңдалды. Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-шараның өзектілігін жұмыс барысында кездесетін бір қатар мәселелерді шешуге мүмкіндіктерін бергенін атап өтіп, аудандық полиция қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.