Әлеумет Жер телімінің құжатын жасап беремін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды Редактор 02.08.2022 9423 1 оқу мин «Аңқау елге арамза молданың» кейпіне енген алаяқтар бүгінде түрлі айла-шарғыларға барып, оңай жерден олжа таппақты ғадетке айналдырған. Тұрғындардың құжатқа құнтсыздығын, артық жүгіріске бармай, ақшамен бітіруді көздейтіндіктері алаяқтардың да оң жамбасына дөп келіп тұр. Жуырда түркістандық тұрғын алаяқтың қақпанына түскенін айтып тәртіп сақшыларына арызданған. Алыс танысы жер телімінің құжаттарын жасап беретінін айтып, 1 100 000 теңге ақшасын алып кеткен. Оған сенген тұрғын жарты жыл бойы құрғақ уәдесіне сеніп жүрген. Ақыр аяғында не құжат жоқ, не ақша жоқ алданғанын біліп полицияға арызданудан басқа амалы қалмағана. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Түркістан ҚПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған ер азаматты жергілікті мекенжайынан ұстады. Оны бірден басқармаға жеткізді. Күдікті Сауран ауданының тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде белгілі болғандай, күдіктінің бұдан басқа 3 жайтқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілердің әрқайсысынан 600 мың мен 400 мың теңге аралығында ақша алған. Жалпы шығын көлемі 3 000 000 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің еш жерде жұмыс істемейтінін растады. Осылайша оңай олжамен ақ нәпақасын айырамын деген азамат қақпанға тұтылды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 35855 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 34164 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 33156