Түркістан облыстық сотында сот жүйесін цифрландыру туралы семинар сабағы өткізілді Семинар жұмысына облыстық сот төрағасының м.а., қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот алқасының төрағалары, облыстық соттың судьялары, соттар Әкімшісінің басшысы мен басшы орынбасары, бөлім басшылары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары мен кеңсе меңгерушілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқарма өкілдері қатысты Сот Төрағасының м.а. А.Сұлтанов семинар жұмысын аша отырып, сот ісін жүргізуді оңайлату, сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Жоғарғы Соты электрондық ақпараттық сервистерді енгізгенін атап өтті. Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану бюрократиялық кедергілерді алып тастайтындығын, сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті төмендетуге ықпал ететінін, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейтінін жеткізді. Өз кезегінде басшы орынбасары Н.Оразғалиева слайдтар мен баяндамалар арқылы «Цифрлық аналитика», «Сот ісін жүргізу процестерін роботтандыру», «Сот кабинеті», «Е-сараптама» сервистері және тараптарды тиісті түрде хабардар ету мақсатында пайдаланатын СМС хабарламалар, гибридті хаттар, электрондық пошталарға жолдау тақырыптарына тоқталып өтті. Содан кейін прокуратураның арнайы шақырылған өкілі А.Сейдахановқа сөз берілді, ол құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесі туралы баяндама жасады. Семинар барысында қатысушылар жоғарыда аталған электрондық сервистердің жаңа функцияларымен қолдану тәсілдерімен танысты. Семинар соңында талқылау жүргізіліп, семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.