Әлеумет Ломбардтағы ноутбугыңды шығарып беремін деп, тұрғыннан ақша алған алаяқ ұсталды Редактор 08.08.2022 12049 1 оқу мин Ломбардқа қойылған кепілзатты тек ақшасын төлеп қана ала аласың. Алайда алаяқтар «аңқау елге арамза молданың» кейпіне еніп, алдап арбаумен айналысып жүр. Ломбардқа қойған ноутбугын алып беремін деген алаяққа алданған тұрғын сан соғып қалды. Бүгінде бөтеннің сеніміне кіру арқылы алдап, алаяқтық әрекеттерін іске асыратындар қатары көбейген. Түркістан облысының полицейлері осындай оңай жолмен ақша табатын талай алаяқтарды құрықтап жүр. Мәселен, Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері ломбардқа кепіл ретінде қойған ноутбугыңды шығарып беремін деп тұрғынды алдаған күдікті ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, жергілікті тұрғынның танысы ломбардтағы мүлкін әперемін деп 50 мың теңгесін алған. Алайда арадан біршама уақыт өтсе де ноутбугын ала алмаған не ақшасын қайтара алмаған. Содан тұрғын сан соғып қалғанын түсініп, ҚПБ-ға арызданып полицияның көмегіне жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Түркістандық полицейлер жәбірленушінің арызына орай, шұғыл түрде іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ер адам тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде… Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 38408 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 36460 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 35388