Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 48-тармағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамдық кеңестің рөлін күшейту тапсырылған. Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық сотының ғимаратында, сот төрағасы Ақылбек Дауренбековтың бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және алдын алу, болдырмау бағыты бойынша дөңгелек үстел болып өтті. «AMANAT» партиясы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде аудан аумағында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде Қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту, осы бағытта жұмыс тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау мақсатында іс шараға қатыстым. Сондай —ақ, дөңгелек үстелге, аудандық прокуратура, полиция қызметкерлері де қатыстырылды. Аудандық сот төрағасы А. Дауренбеков қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бағытында өзара әрекеттесу алгоритмін алға тартып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын таныстырып және оны талқылап алдағы уақытта тәуекелдерді жоюға бағытталған жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қозғалған істер мен іс шаралар еске алынып, болдырмау және алдын алу жоспары бойынша прокуратура, полиция қызметкерлері ойларын ортаға салып, атқарылған шараларды атап өтті.«AMANAT» партиясы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл кеңесінің төрағасы ретінде кеңестің жрспарға сәйкес атқарып отырған жұмыстарын атап өттім. Жемқорлық —індет, оны болдырмау баршамызға міндет. Нұржамал МАЙУСОВА «AMANAT» партиясы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл кеңесінің төрағасы.