Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен, Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі және Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімнің қызметкерлерімен бірлескен сот үкімдері бойынша қылмыстық істерге байланысты мемлекет пайдасына тәркілеуге жататын айғақ заттардың сақтауда тұрған мүліктердің жағдайы және уақтылы орындалуы бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, «Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім»филиалының басшысы аға сот орындаушысы, Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі подполковнигі, «Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім»филиалының сот орындаушысы қатысты. Ағымдағы жылы Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен мүлік тәркілеу бойынша 121 атқару өндірісі орындауға түскен, оның ішінде 112 атқару өндірісі орындалып, атқару құжаттарының орындалуы 92,5% құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 16,3 %-ға артқан. Бөліммен мемлекет пайдасына негізгі айғақты заттар ретінде автокөліктер, жанар-жағармайлар, мотокөліктер, алкоколь және темекі өнімдері, теледидарлар, компьютер және оның құрылғылары, терминал аппараттары, ұялы телефондар, қайықтар және ақша қаражаттары т.б. тәркіленіп, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің №404 Қаулысы негізінде жергілікті атқарушы органға және Түркістан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізілді.