Әлеумет Оқытушылардың жалақысы артты Редактор 09.08.2022 7806 1 оқу мин Мәдениет және өнер саласындағы 4 университет оқытушыларының еңбекақысы көтерілді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі. «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының лауазымдық еңбекақыларының белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін ұлғайту (1,75-тен 3,5-ке дейін) көзделген», — деп жазылған хабарламада. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады. Ол 4 шығармашылық жоғары оқу орнына қатысты: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және Қазақ ұлттық хореография академиясы. Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. Сондықтан осы жылдың өткен айларының еңбекақысы бойынша қайта есептеу жүргізіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 1 оқу мин Әлеумет Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 19.04.2025 15216 Заңсыз майнинг: 900 млн. теңгеден астам мүлік тәркіленді 1 оқу мин Әлеумет Заңсыз майнинг: 900 млн. теңгеден астам мүлік тәркіленді 16.04.2025 27944 Шымкентте киберполиция алаяқтардың құрбанына ₸46 млн қайтарды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте киберполиция алаяқтардың құрбанына ₸46 млн қайтарды 10.04.2025 55959