Әлеумет ТҮРКІСТАН: АӘК АЛАТЫН ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ Редактор 09.08.2022 7001 1 оқу мин Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты. – Облыста мемлекеттік АӘК алушы отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балаларының саны 52660-ты құрайды. Өткен жылы ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес, аталған санаттағы балаларға жергілікті бюджеттен білім қоры есебінен және республикалық бюджеттен кепілдендірілген әлеуметтік пакет арқылы қаржы қаралған. Ал биыл облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстық бюджеттен осы санаттағы 52 660 балаға материалдық қолдауға қаражат бөлінетін болды. Әр балаға мектеп формасына 35 275 теңге белгіленді, – деді басқарма басшысы. Сонымен қатар баланы мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1,9 млрд. теңге қажеттілігі туындап отыр. Осы ретте аталған мәселені шешу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылуда. Сондай-ақ ата-аналар тарапынан түскен шағым бойынша басқарма басшысы әр мектептің өзінің жеке формасы болмайтынын, министрлік тарапынан оқушы қара-көк түсті шалбар, костюм мен ақ көйлек кисе жеткілікті екенін жеткізді. Бұдан бөлек, 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Акция шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке қажетті материалдық көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясына демеушілік көмек көрсетуді қалайтын кез келген адам Басқарманың +7(707)-684-71-00 байланыс телефонына хабарласа алады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 1 оқу мин Әлеумет Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 19.04.2025 15262 Заңсыз майнинг: 900 млн. теңгеден астам мүлік тәркіленді 1 оқу мин Әлеумет Заңсыз майнинг: 900 млн. теңгеден астам мүлік тәркіленді 16.04.2025 28032 Шымкентте киберполиция алаяқтардың құрбанына ₸46 млн қайтарды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте киберполиция алаяқтардың құрбанына ₸46 млн қайтарды 10.04.2025 56055