Жекеменшік балабақшаларға лицензиялау енгізу мәжбүрлі іс-шара. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Аттестация бес жылда бір рет өткізіледі. Қазір мынадай мүмкіндік ойлап тауып алыпты. Олар «ештеңе етпейді, төрт жыл жұмыс істедік» дейді де бесінші жылы жабылады. Содан кейін қайтадан жаңа мерзімге ашылып, «бәріміз жаңа субъектіміз» дейді. Бірақ бұл әрекеттен ең алдымен кім бәрінен зардап шегеді? Бала, тәрбиеленуші зардап шегеді», — деді Асхат Аймағамбетов. Осы орайда министр лицензиялауды мәжбүрлі түрде енгізу жоспарланып отырғандығын атап өтті. «Сондықтан біз бұл шараны енгізуге мәжбүрміз. Іс жүзінде бұл біз үшін ресурстар, қаражат, уақыт, назар аударуға алып келеді. Ешкім мұны біреуге пайдалы деп сендіруге тырысу үшін жасамайды. Бұл ең алдымен, балалар мен қоғамға тиімді», — деп атап өтті ол.