Әлеумет №1 қалалық емхана ұжымы қостанайлықтарға гуманитарлық көмек жолдады Редактор 06.09.2022 7973 1 оқу мин Қайырымдылық қасиеті қанына сіңген халқымыз қашанда өзгенің қайғысына ортақтасып, бөліскенді өзіне борыш санаған. Қостанайдағы ағайынның басына түскен қиын жағдайды шымкенттіктер де ауыр қабылдады. Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында ең қажетті заттар жинауды бастап кетті. Шымкенттегі №1 қалалық емханасы қостанайлықтарға көмек қолын созуға медицина мекемелері арасында алғаш болып кірісті. Мекеме ұжымы өте аз уақыттың ішінде қостанайлықтардың сұранысына сай ең бірінші қажетті азық-түлік өнімдерін, гигиеналық заттар қорын жасақтады. «Өрттен зардап шеккен қостанайлық ағайынға аз да болса өз көмек қолымызды созсақ деген ниетіміз болды. Емхана ұжымы тарапынан қолдау, тауып барлығы бір кісідей атсалысты. Қысылтаяң кезде ешкім де бей-жай қалмауы қажет деп есептеймін, дәл осындай сәтте халықтың бірлігі мен ынтымағы бекемделе түсетіні анық», — дейді №1 қалалық емханасының бас дәрігері Махамбет Бейсеуов. Қайырымдылық жасау- ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қай кезеңде де, қандай қиын жағдайда да қазақ халқы қолұшын созуды басты парызы санайды. Емхана ұжымы әрдайым мұндай игі бастамалардан шет қалған емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 36750 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 34991 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 34086