Оңтүстіктің орталығы, шырайлы Шымкент күн өткен сайын үлкен туристік орталыққа айналып келеді. Ажары асқан, тарихи орындарға бай өңірімізді көруге құштар туристер саны жыл жылжыған сайын артып келеді. Үстіміздегі жылдың өзінде 2,5 миллион шетелдік шаһарға табан тіреп, өңірімізді аралаған. Нәтижесінде, облыс орталығының экономикалық өсіміне елеулі үлестерін қосқан. Шырайы мен қонақжайлылығы, салты мен дәстүрі, тарихы мен болашағы бірге өрілген Шымент, туризмнің орталығы болуға әбден лайық. Қала көркі күннен күнге әсемдене түсуде. Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандары қала көркіне өз үлестерін қосып келеді. Оған айғақ «Нұрсат» шағын мөлтек ауданында соғылып жатқан саябақ. Тұрғын санының артуына байланысты қалада шағын мөлтек аудандар саны көбейіп келеді. Осыған орай, республика бойынша үшінші орында тұрған мегаполистің аумағын алдағы уақытты бұдан да ұлғайту жоспарланған. Қалада «Этно Шымкент» бағдарламасы қолға алынуда. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджеттен қыруар қаржы да қаралған. Кәсіпкерлік және туризмді дамыту бөлімінің мамандары апта ішінде қалада орналасқан барлық қонақ үй басшылары мен менеджерлерін жинап семинар өткізген болатын. Семинарда туризм орталықтарының жаңа қызметтері мен қонақжайлылықтың заманауи қырлары жайлы айтылып, туризм орталықтарының басты әрі ұтымды тұсы сапалы қызмет екендігі құлақ қағыс етілді. Сондай-ақ, туристік агенттіктердің өкілдеріне азаматтарды шетел асыра бермей, қаланың тарихи әрі көрікті орындарына тартуға шақырды. Семинар қатысушылар үшін қызықты болғаны соншалық, олар Оңтүстіктің тарихи өлкелері мен замануаи келбетке ие болған орындарын отандастарымыз бен шет елден келуші туристтерге таныстыру мақсатында тур ұйымдастыруды өз міндеттеріне алды. Соған қарағанда бұл семинардың қатысушыларға берген мәліметтері құнды болған сыңайлы. Олар бұдан шабыттанып алдағы уақытта қарқанды жұмыс істейтіндерін жеткізді. «Қайнар» қонақ үй кешенінде өткен туризм саласын дамыту бағытында, туризм бизнес өкілдерінің қызмет көрсету сапасын арттуры және туризм саласы мамандарының тәжірибе алмасуы ұйымдастырылған «Этно Шымкент» атты семинар-тренингтің үйретері көп. Атаулы шараның басты мақсаты Шымкент қаласының ішкі туризмін дамыту, туристтік өнімін жылжыту болып табылады. Семинар-тренингке туристтік компаниялардың, конақ үй кешен өкілдері, ұлттық туристтік өнім қолөнершілері, музей саласы мамандары және БАҚ өкілдері қатысты. Айтулы семинарға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің атынан директордың орынбасары Ғ.Садықов және мәдени байланыс жөніндегі менеджер Д.Қожамұратов қатысты. Бұдан бөлек өңіріміздегі бірқатар тарихи орындардың барлығынан да өкілдер қатысты. Өңірімізге табан тірейтін туристердің арасында ерекшеленіп келіп жатқандары да бар. Мәселен Даниеле Берго зайыбы Кристина Галли екеуi жуырда өңірімізге арнайы шақыртумен келді. «Miras Travel» қонақүйiндегi туроператорлар оларды мәртебелi мейман ретiнде зор ықыласпен қарсы алды. Аталмыш туроператорлар күнi бұрын олар үшiн «Ұлы Жiбек жолы» бойынша бағыттар түзiп қойыпты. Тiптi, қазақтың ұлттық киiмiн киген бойжеткендер гүл шоқтарын сыйлап, iзеттiлiк танытты…25 қазанда бүкiләлемдiк «ЭКСПО–2015» көрмесiндегi Қазақстанның Ұлттық павильонында «миллионыншы келушiге» құрмет көрсетiлдi. «Астана ЭКСПО–2017» ҰК» АҚ-ның бұқарамен байланыс жөнiндегi департаментiндегiлер мұндай мәртебеге бағдарлама кеңесшiсi болып қызмет iстейтiн 57 жастағы Даниеле Берго ие болғанын хабарлады. «Expo Milano – 2015» әлемдiк көрмесiнiң ҚР ұлттық секциясының бас комиссары Әнуарбек Мусин миллионыншы қонақ – Даниеле Бергоны құттықтап, елiмiзге тегiн саяхаттап қайту үшiн 2 адамға арналған сертификат табыс еттi. «Expo–2017» меморандумына қол қойғандардың бiрi Шымкент қаласындағы «Miras Travel» туроператоры болатын. Ол сондай-ақ ресми түрде «миллионыншы мейманды» Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша тегiн саяхат жасататын туроператор болып танылды. Туристiк турды ұйымдастырушылардың айтуынша, итальяндық қонақтар қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен, мәдениетiмен, салт-дәстүрiмен, әдет-ғұрпымен жете танысып, тарихи орындарды аралады.