Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығының қыздар бөлімінің ғимараты ашылды. Имандылыққа үндейтін орталық заманауи талаптарға сай салынған. Мұнда қыз балаларға барынша жағдай жасалған. «Ықылас» қарилар дайындау орталығы негізінен үш қабаттан тұрады. 120 орынға лайықталған. Іші-сырты әрленіп, жұтынып тұрған жаңа ғимаратта намазхана, арнайы сынып бөлмелері, жатақхана, асхана, шағын спорт залы, конференция өткізу залдары бар. Имани тәрбие алатын шәкірттердің бос уақытын тиімді пайдалану жағы да қарастырылған. Қыздардың қосымша үйірмеге қатысуы үшін тігін цех бөлмелері жұмыс істейді. Тігіс тігетін цехқа жаңа тігін машиналары сатып алынған. Сондай-ақ, заман талабына сай компьютер класы бар, барлығы да ғаламтор желісіне жалғанған. Имани тәрбие қарапайым ғана қағаидалардан тұрмай ма? Мұнда бір қунтатыны оқу ғимаратында қазақи ою-өрнектермен безендірілген төсеніштер мен кілемдер төселген. Әрі оның барлығы да жергілікті кәсіпорындарда жасалған. Яғни, отандық өнімдерге қолдаудың бір парасы деуге болады. Қазақы оюлар шәкірттердің бойына қазақы рухты сіңірері сөзсіз. Имани оқуға ниеттенгендер арнайы емтиханнан өтеді. Жуырда ғана Қарилар дайындау орталығында 2016-2017 оқу жылына шәкірттерді қабылдау емтихаты өткізілген болатын. Имандылық оқу ордасында білім алуға ниет танытқандар көп болды. Жалпы саны 180 талапкер құжат өткізіп, нәтижесінде ерлер бөліміне 25 ер-бала, жаңадан ашылған қыздар бөліміне 71 қыз-бала қабылданды. Ресми ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз және Түркия Республикасының ҚР төтенше және өкілетті елшісінің өкілі Ибрагим Элмаз, ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Әбсаттар Сманов және ҚМДБ бөлім меңгерішілері мен мәртебелі қонақтар арнайы қатысты. Ресми шара алдымен Құран Кәрім тіләуат етумен басталып, алғашқы құттықтау сөзді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаға берілді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің құттықтауын жеткізіп, үлкен рахметін білдірді. «Бұл «Ықылас» қарилар дайындау орталығы Орта Азия елдерінде теңдесі жоқ бірден-бір діни оқу ордасына айналады деген сенімдемін. Біз перзенттерімізді діни оқу орнына берген кезде имам, молда болсын деп емес, иманды, ибалы, адамгершілігі мен парасаты мол, елін, жерін ойлайтын ұрпақ тәрбилеу үшін беруіміз қажет», — деді наиб мүфти. Сондай-ақ, осы «Ықылас» қарилар дайындау орталығының құрылысын жүргізіп, жанашырлық танытқан азаматтар көпт болды. Солардың бірі елімізге белгілі, дінтанушы Қалиолла қажы Маджановқа қасиетті Құран Кәрімді хадия етіп, иығына ақ шапан жауып құрмет көрсетті. Осыдан кейін, Түркия Республикасының ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісінің діни кеңесшісі Ибрагим Элмаз мырзаға беріліп, ол кісі алдымен Түркия діни істер басқармасының төрағасы, профссор Мехмет Гормездің арнайы құттықтауын оқып берді. Ибрагим Элмаз мырза бұл қарилар дайындау орталығы екі бауырлас елдің алтын көпіріне айналады деген тілек білдірді. Мұнда білім алған жас шәкірттердің иманы түп қазығы мықты болары сөзсіз. Ол үшін барлық жағдай қарастырылған. Бүгінгідей жастар бос уақытын қалай пайдаланарын білмей, нешетүрлі қылмыстар орын алып жатқан кезеңде санасы солқылдақ жастарды осындай имани тәрбие беретін орталықтар ашу арқылы тосқауыл қоюға болатын сықылды. Оңтүстік Қазақстан облысында қолға алынып отырған игі шара басқа өңірлерде де жалғасын тапса ұтпасақ ұтылмасызы анық. Алдағы уақытта орталыққа қабылданатын шәкірттерге арналған орындар санын көбейту жоспары бар. Талапкерлер қатарының көптігіне қарап мұнда оқуға ниет еткендер саны келесі жылы бұдан да көп болары сөзсіз.
Динар Бекасыл