Әлеумет Бас дәрігер Аяз атаға хат жазған баланың арманын орындады Редактор 20.12.2022 17895 Арманшыл баланың арманы орындалды. Жаңа жыл қарсаңында қиял кеңістігінде еркін қалықтайтын бала біткен ғажайыптарға сеніп, Аяз атаға хат жаза бастайтыны белгілі. Шымкент қаласындағы Бозарық шағынауданының кішкентай тұрғыны Әлихан Қалдыбай да Аяз атаға арнайы хат жолдады. Ол өз хатында ғажайыптар сиқыршысы Аяз ата балалардың барлығының арманын әлбетте орындайтынын, алдағы уақытта озат оқуға уәде беретінін айтқан. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына келіп түскен хатты жауапсыз қалдырмаған ШЖҚ №1 қалалық емхана МКК басшысы Махамбет Бейсеуов кішкентай Әлиханды арнайы шақырып, сыйлығын табыстады. Бас дәрігер 8 жасар Әлиханға сабағын жақсы оқып, келешекте еліміз мақтан тұтар айбынды азамат болып өсуіне өзіндік тілегін жеткізді. Кішкентай ботақанының өтінішін жерде қалдырмаған бас дәрігерге Әлиханның анасы зор алғысын білдірді. Қаладағы №57 мектептің озат оқушысы Әлихан Қалдыбай болашақта орта мектепті үздік бітіріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосамын дейді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8709 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 6047