Әлеумет Бас дәрігер Алғыс хатпен марапатталды Редактор 22.12.2022 15418 1 оқу мин Еселі еңбек ел алғысымен өлшенбек. Ал ел Президентінің алғысының орны тіптен бөлек. Денсаулық сақтау саласындағы үздіксіз еңбектен бөлек қоғамымызда орын алып жатқан елеулі оқиғаларға белсене атсалысу да азаматтық борышымыз. Жуырда ғана еліміз үшін айырықша орны бар Президент сайлауы науқаны өткені белгілі. Аталмыш шараға үлес қосқаны үшін Шымкент қаласындағы №1 емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуов мемлекет басшысының алғыс хатын алды. Бұл емхана ұжымы үшін де айырықша орны бар марапат. Өйткені еліміз үшін маңызды шараны үйлестіру жұмыстарына барынша күш жігерін жұмсаған басшының еңбегі мақтауға тұрарлық. Ел президенті өз ықыласын ерекше жеткізген. «Құрметті Бейсеуов Махамбет Әбдезімұлы! Сізге Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғыс айтамын! Біз күш жігерімізді жұмылдырып, барша азаматтарға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет -Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз деп сенемін! Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!» делінген алғыс хатта. Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты кешігіп болса да өз иесіне табысталды. Енді артқан сенімді ақтап, өңірдің өрлеуі жолында аянбай қызмет ету міндеті тұр. Ел игілігі жолындағы еңбек жемісті болып, биік белестерді бағындырып, толағай табысқа жету басты мұрат болып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8709 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 6047