Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, барлық ауылдық округтің әкімдері қатысқан жиында ауданның ауыл шаруашылығы саласында атқарылған және атқарылатын жұмыстардың барысын пысықталып, нақты тапсырмалар берілді. Нақтырақ айтар болсақ, аудан аумағында жер айдау жұмыстарын аяқтауды жүйелі ұйымдастырып, бақылауға алу, тұқымдық шиттің қажеттілігін анықтап, тұқымдық шит өндірушілермен тиісті жұмыстар жүргізу, жанар-жағар майдың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге уақытылы жеткізілуі ұйымдастыру аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаевқа жүктелсе, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов пен «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы Жетісай өндірістік бөлімшесінің бастығы Орынбасар Тастановқа заң талаптарына сәйкес ағын судың шаруаларға қажеттілігіне сәйкес берілуін ұйымдастыру тапсырылды. Ал, аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаевқа, қала, кент, ауылдық округ әкімдері заң талаптарына сәйкес қаржының игерілуі мен салықтық түсімдер бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар атқару, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жомарт Пилаловқа жоспарланған салық түсімдерін, жоспарға сәйкес өндіру жұмыстары жүргізу, қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізуді, ауданның ішкі саясат бөлімі басшысының м.у.а. Ақжарқын Нөкерәулеті мен ауданнық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев аудандағы мерекелік және спорттық шараларды жаңа форматта, жоғары деңгейде атап өту үшін бойынша тиісті ұсыныстар енгізу тапсырылды. Сонымен қатар, Серік Үсенұлы аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері, қала, кент, барлық ауылдық округтер әкімдеріне сыбайлас жемқорлық заңнамаларының талаптарын қатаң бақылауға алып, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, өзіне жүктелген міндеттерді мерзімінде және сапалы орындау бағытында (құқықтық оқулар өткізу, оның ішінде олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, тәртіптік жаза қолдану, ынталандыру) нақты шаралар қабылдауды қадап тапсырды.