Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Қарақұм ауылының тұрғындарымен кездесіп, бұдан алдыңғы кездесуде айтылған мәселелер бойынша атқарылған әр жұмыстар мен 2023 жылдың жоспары туралы баяндады. Ағымдағы жылы Қарақұм ауылында мәдениет үйі, балалар ойын алаңшасы пайдалануға беріледі . Қарақұм ауылындағы жаңақұрылыс аумағына, полигонға баратын жолға тас төселеді. Қарақұм ауылындағы М.Әуезов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2023 жылы Қарақұмға 300 млн.тг.инвестиция тарту көзделуде (2022 жылы 202 млн.тг.инвестиция тартылған). Қарақұмда жер жырту жоспары 1341 Га болса, қазіргі таңда 410 Га орындалған. Аудан басшысы қарақұмдықтарға “Кең дала” көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасын, жаңа бизнес идеяларға грант алудың механизмін, жастарды шағын несиелеу (2,5%) тәртібін кеңінен түсіндіріп, ақпарат берді. Кездесудің екінші жартысы сұрақ-жауап форматына көшіп, тұрғындар тарапынан кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары бойынша сауалдар қойылды. Әр сауал бойынша аудан әкімі тұшымды жауап беріп, тиісті сала мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Кездесуден кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.