Әлеумет Заңсыз аңшылыққа қатысты 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды Редактор 12.03.2023 9712 1 оқу мин Түркістан облысы аумағында браконьерлікті анықтау және жолын кесу, заңсыз аң аулау мен балық аулау жайттарына қарсы 24 ақпан мен 13 наурыз күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының қызметкерлерінен арнайы мобильді топтар құрылып, өзендер, су айдындары және т. б. жағалауларда кешенді рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда. Тәртіп сақшылары атқарған жұмыс нәтижесінде, табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 101 дерегі анықталды. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзудың 47 жайты мен балық аулау бойынша 43 дерек анықталды. Сондай-ақ 10 құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Полицейлер браконьерлерден барлығы 18 келі балық, резеңке қайық, балық аулауға арналған 8 шанышқы мен балық аулау торларын тәркіледі. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғауға шақырады. Сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 19937 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 26870 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 32703