Әлеумет «Үкіметтен грант әперемін»: Шымкентте тағы бір тұрғын алданып қалды Редактор 13.03.2023 9908 1 оқу мин «Кәсіп бастау үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы алып беремін» деп, алдын ала ақшасын алып, алдап кеткен. Оқиға Шымкент қаласында орын алды. Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы «Үкіметтен кәсіп ашу үшін қайтарымсыз қолдау қаржы — грант алып беремін» деп, алдын ала 100 000 (жүз мың) теңгесін алып, он ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай сандалтып жүргенін жазып көрсеткен. Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Жасы-44-те, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Қазіргі кезде ұсталған азаматша өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу әрекеттері жалғасуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 20201 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 27047 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 32847