Әлеумет Дүкеннен шұжық пен тіс пастаcын ұрлап кеткен Редактор 14.03.2023 9348 1 оқу мин Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында, өзінің меншігіндегі ірі сауда орталығына белгісіз тұлға ұрлыққа түскенін жазған. Онда, сауда сөрелеріндегі «Nivea Men» ерлерге арналған бальзамын (4436 тг), «Porodontax» тіс пастаcын (1909 тг), сондай-ақ 2 дана «Краковская» шұжығын (4848 тг) жасырын түрде байқатпай ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 9781 (тоғыз мың жеті жүз сексен бір) теңгені құрап отыр. Аталған жайт ҚР ҚК-тің 187-бабы 1-бөлігімен (Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жергілікті полиция қызметі бөлімінің №39 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары мен Патрульдік полиция полкінің №799 экипаж қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Күдікті азаматтың тұрғылықты мекенжайын анықтап, тәулік ішінде қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты, жасы – 49-да. Білімі орта, уақытша жұмыссыз. Бұрын соңды сотты болмаған. Бұған дейіни автотұрақта күзетші болып жұмыс жасаған. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат ұрланған заттарды жеке бас пайдасына қолданып тастаған. Қазіргі кезде жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толығымен өндірілді. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 2429 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39488 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37454