Әлеумет МАҚТААРАЛДА «НАУРЫЗ — САУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ МАРАФОН ӨТТІ Редактор 14.03.2023 9565 1 оқу мин Мақтаарал ауданында әз-Наурыз мейрамын атап өтуге арналған 10 күндік іс-шара жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, бүгін «Наурыз — саулықтың кепілі» атты тұрғындар арасында үлкен марафон жарысы өтті. Мырзакент кентінің кіреберіс қақпасынан бастап орталық алаңға дейін жүгірген 100-ден астам тұрғындар 3 км-ден аса жолды басып өтті. Жарыста қауіпсіздік шаралары толық сақталып, арнайы полиция және медицина қызметкерлері тарапынан сүйемелденді. Жарыстың нәтижесі бойынша ІІІ орынды Мырзакент кентінің тұрғыны Әділет Жарылқасын, ІІ орынды Атакент кентінің тұрғыны Нұрдәулет Тастемір жеңіп алды. Ал, жүлделі І орынды Достық ауылдың округінің тұрғыны Розумбек Кенжебаев иеленіп, «Наурыз — саулықтың кепілі» атты аудандық марафонның жеңімпазы атанды. Марафонның жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасында аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға аудан әкімі атынан алғыс айтты. Сонымен қатар, жеңімпаздарды арнайы кубокпен және дипломмен марапаттады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 20201 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 27047 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 32847