Әлеумет 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ӨСЕДІ Редактор 15.03.2023 11834 1 оқу мин Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына енгізілетін өзгертулер жобасына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясын арттыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда: • техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 (қазір 21 787) теңге; • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31 422 (қазір 20 948) теңге стипендия төленеді. • Стипендия мөлшерін арттыру бойынша қаражат көлемін республикалық бюджет комиссиясы қолдаған. «Жалпы стипендия мөлшерін ұлғайту ел жастары үшін техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын едәуір арттырады, колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартады және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау сапасының артуына әсерін тигізеді», делінген қаулының түсіндірме жазбасында. Еске салайық, Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында студенттер стипендиясының мөлшерін 2 есе ұлғайту қарастырылған. Қаулы жобасы 30 наурызға дейін жария талқылауға ұсынылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6839 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8709 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 6047