Әлеумет Аспанға оқ атқан жас жігіттер ұсталды Редактор 16.03.2023 10221 1 оқу мин Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде, түнгі уақытта көше бойында бір топ жас жігіттердің бұзақылық жасап, қоғамдық тыныштықты бұзғанын анықтады. Яғни олар белгісіз қарумен аспанға бірнеше рет оқ атқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Бұзақылық) тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында, оқиғаның 2022 жылы желтоқсан айының 21-інен 22-сіне қараған түні қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болғанын анықтады. Оқиға бойынша қарумен оқ атқан 5 жас жігіттің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар Жетісай қаласының тұрғындары болып шықты. Белгілі болғандай, туған күнге жиналған жастар соңында қызық үшін аспанға оқ атқан. Олардан айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмейтін, яғни 2 дана сигнал бергіш тапанша алынды. Жас жігіттер өздерінің осы іс-әрекеттеріне өкініп, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 20201 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 27047 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 32847